«Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы» фильмінің қазақ тіліндегі трейлері жарыққа шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы» («Star Wars: Episode VII - The Force Awakens») ғарыш сагасының толыққанды қазақша трейлері жарыққа шықты.
None
None

Фильмнің қазақ тіліндегі нұсқасы «Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы» деген атауға ие болыпты. Бір қызығы, жылдың басында жарық көрген қазақша тизер-трейлерде атауы басқаша еді, ол кезде бейнеоролик «Жұлдыздар шайқасы: Күштің серпілісі» деп жарияланған болатын.

«Star Wars» франшизасының жетінші эпизоды - қазақ тіліне дубляждалған 13-ші голливудтық жоба. Дубляж жұмыстары «Araymediagroup» студиясында «Болашақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен, Алматы қаласы әкімдігінің, «Нұр Отан» партиясының және «MARWIN» компаниясының қолдауымен жүзеге асты. Фильм Қазақстан прокатына қазақ және орыс тілдерінде 2015 жылы 17 желтоқсанда шығады, деп хабарлайды kinostan.kz.

Соңғы жаңалықтар
Референдум