Жұма күні 42 градус қатты аяз сақталады

ауа райы
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет синопиктері 23 ақпан, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, көбіне қар жауады.

Көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді.

Қазақстан бойынша тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 42 градус қатты аяз, Абай облысынң шығысында 40 градус қатты аяз сақталады.

Соңғы жаңалықтар