Жұма күнгі ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қараша күні республика территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты республиканың тек солтүстігінде аздаған қар жауады. Кей жерлерде тұман, екпінді жел мен жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұма күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, түнде Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл және Түркістан облыстарының жекелеген аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында жаяу бұрқасын болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейетіні күтілуде.