Жұма күні ауа райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма, 26 қазан күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батысы мен мен солтүстік-батысында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұма күні ауа райы қандай болады

Қазгидрометтің хабарлауынша, кей жерлерде тұман, екпінді жел күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында  және Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 18-23 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысында - түнде және таңертең тұман түседі.