Жұма күні еліміздің батысы мен оңтүстік бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 желтоқсан, жұма күні Қазақстанның батысы мен оңтүстік бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жұма күні еліміздің батысы мен оңтүстік бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады - Қазгидромет

Алматы облысында Алакөл көлінің аймағында желдің күші 19-24 м/с болады. Ақмола, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстан облысында тұман болады. Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады.