Жұма күні еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жауады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 тамыз, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыздығы сақталады, жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Солтүстік өңірде бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Еліміздің тек батыс пен оңтүстік өңірінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұршақ жууы ықтимал. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады. Алматы мен Жамбыл облысында да екпіні 15-20 м/с жел, шаңды дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Қостанай, күндіз Қызылорда облыстарында 15-20 м/с-қа жел күшейіп, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық болады деп күтілуде.