Жұма күні еліміздің солтүстігі мен орталығында жауын жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні еліміздің солтүстігі мен орталығында жауын-шашын түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жұма күні еліміздің солтүстігі мен орталығында жауын жауады

27 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райы ашық болады, тек республиканың солтүстігі мен орталығында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, желдің күшеюі сақталады, солтүстікте кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертен Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.