Жұма күні Қазақстанда жел күшейеді, жауын-шашынды, көктайғақ болады, тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуімен республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашынды, бұрқасынды ауа райы сақталады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді. Қазгидрометтің хабарлауынша, республиканың қалған аумағында күн ашық болады.
None
None

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар