Жұма күні Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады - Қазгидромет

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, 9 желтоқсан күні Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, бұл күн жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде.

Жұма күні Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады - Қазгидромет

Атап айтқанда, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, түнде Ақмола, Қостанай облыстарында тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде де тұман басады. Жалаңашкөл аумағында секундына 18-23 метр жылдамдықпен соғатын желдің екпіні кей уақыттары 28 метрге жетуі ықтимал.

Маңғыстау, Атырау облыстарында 15-22 м/с жел мен тұман түсуі болжануда.

Алдағы тәулікте Қазақстанның өзен-көлдерінде мұз қату үдерісі жалғасады. Елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде мұз қатуына байланысты судың деңгейі көтерілуі мүмкін.