Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, екпіні 23-28 метр болуы ықтимал.
Қостанай облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтілуде, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болады.
Ақмола облысында тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, Жалаңашкөл аумағында желдің күші секундына 15-20 метр болады.
Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кейбір аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.