00:18, 13 Қазан 2017 | GMT +6
Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігінде ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек түнде және таңертен республиканың солтүстік-батыс, таңертен және күндіз оңтүстік, күндіз батыстың кей жерлерінде аздаған жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстанның солтүстік және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде желдің күшеюі болжанады.
Батыс және солтүстіктің кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында желдің күшеюі 18-23 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады.