Жұма күні республикада ауа райы құбылмалы - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 сәуір күні Қазақстанның барлық бөлігінде атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты, тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі күтіледі, тек оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-батыстың кей жерлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Батыс Қазақстан, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде найзағай болады. Оңтүстік Қазақстан олысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай болады.Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіліп, кей жерлерде жел 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан, түнде Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіліп, жел 15-20 м/с соғады.