02:15, 25 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Жұма күні республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қыркүйек, жұма күні Қазақстанның көптеген бөліктерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Солтүстікте, шығыста және орталықта тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады, жел күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Қостанай облысында, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 18 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде жел күтіледі, күші 15-20 м/с. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.