Жұма күні республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 желтоқсан күні Қазақстанның басым аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел, республиканың жекелеген аймақтарында қатты жел күтіледі.

Жұма күні республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Ақмола облысында түнде жел 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 17-22, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын болады. Алматы облысының Жалаңашкөл маңында жел 20-25, екпіні 28 м/с, кей жерлерінде тұман болады. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасынмен қатар жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ болады. Қарағанды облысында бұрқасын, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді, бұрқасын, көктайғақ болады.