Жұма күні республиканың кей аймақтарында күн суытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 сәуір күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын сақталады (көбінесе жаңбыр түрінде), оңтүстікте жаңбыр, найзағай, желдің күшейуі, батыста шаңды дауыл, тұман күтіледі, тек орталықта ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында үсік жүруі сақталады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.

Жұма күні республиканың кей аймақтарында күн суытады

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, шаңды дауыл болады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жел 17-22 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді. Ақмола, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.