Жұма күні жауын-шашын болмайды - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз жылы болады, деп хабарлады Қазгидромет.
Тек елдің солтүстік аймақтарында ғана жауын-шышан түсіп, жел күшейеді. Ақмола облысында, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы, түнде Жамбыл облыстарының жер-жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында тұман болуы мүмкін, жел түнде кей жерлерінде, күндіз көп бөлігінде 15-20 м/с болады. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман, таңертең және күндіз кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.