Жұма күні жауын-шашын елдің батысында ғана болмайды - Қазгидромет

ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, жұма күні Қазақстанның басым аумағы атмосфералық ағы бөліктерінің ықпалында болады, олармен жекелеген жерлерде жауын-шашындар, ұйытқыма жел, тұман мен көктайғақ күтілуде.
None
None

Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын молынан түседі. Ал антициклонның әсерінде болатын республиканың батыс бөлігінде жауын-шашын болмайды.

Атап айтқанда, Алматы мен Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Сондай-ақ, түнде және таңертең Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей аумақтарында тұманды.

Қызылорда облысының жекелеген өңірлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел тұрады.

Ал Астанада 25 қараша күні күн райы - ала бұлтты, аздап қар жауады. Батыстан 9-14 м/с екпінде жел соғады. Ауаның температурасы температурасы күндіз -10-12, түнде -19-21 градусты құрайды.

Соңғы жаңалықтар