Жұма күніне ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, қар жауады, тек батыста және оңтүстікте күн райы райы ашық. Кей жерлерде екпінді жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын күтіледі.

Жұма күніне ауа райы болжамы

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, басым бөлігінде жел күшейіп, 15-20, кей жерлерінде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Ақмола облысында күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады.