Жұмабай Қарағаев Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін, 27 қаңтарда Нұрлан Ноғаев облыс активіне кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген облыс әкімнің жаңа бірінші орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке Жұмабай Қарағаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімпдігіне сілтеме жасап.

Жұмабай Қарағаев мемлекеттік мұнай және газ академиясын «мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының кандидаты.

Жұмабай Қарағаевтың мемлекеттік қызметте және жеке секторда 22 жылдық еңбек өтілі бар. Әр жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жеке компанияларды, Атырау әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерін басқарды.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, Атырау облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы қызметтерін атқарды

.

Атырау облысы Мақат ауданының әкімі және Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2019 жылдың желтоқсанынан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін ҚР Энергетика вице-министрі болды.

Жиында Нұрлан Ноғаев қазіргі уақытта өңірдегі негізгі мәселелердің бірі халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету, «МАЭК» ЖШС мен қалалық коммуналдық желілерді жаңғырту болып табылатынын айтты.

Облыс әкімі Жұмабай Қарағаевтың кәсіби тәжірибесі мен білімін құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешуге бағыттау керектігін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша өңір басшысы Жұмабай Қарағаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
telegram