Жұмада еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазгидромет 22 желтоқсанда болатын ауа райына  болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Жұмада еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың батыс бөлігінің кей жерлерінде, оңтүстік шығыс, шығыс және солтүстік шығыста жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерінде  тұман, оңтүстікте және батыста көктайғақ  күтіледі.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

 

Соңғы жаңалықтар