Жұмада Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Тек республиканың оңтүстік бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жұмада Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы күшейіп 15-20м/с, күндіз кей жерлерінде 23-28 м/с жетеді, сондай-ақ Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Павлодар облысында күндіз жел жылдамдығы 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан, Қостанай, түнде Қарағанды, Алматы, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде - тұман түседі.