Жұмаға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпаратг
Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады, сонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек елдің батысында, солтүстік-батысында Қара теңізі аумағынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батысында – тұман.