Жұмағұлов пен Хамитов Fight Nights рейтингінің ТОП-ондығына енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аралас жекпе-жек бойынша айқастар ұйымдастыратын Fight Nights ресейлік ұйымы барлық салмақ санаттары бойынша жаңаланған рейтингті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Өз дивизиондарында үздік ондыққа қазақстандық екі жауынгер енді: аса жеңіл салмақтағы Жалғас Жұмағұлов (9-3) бесінші орынды иеленді, жеңіл салмақтағы Қуат Хамитов (17-5-1) - жетінші. Жартылай орта салмақтағы Георгий Кичигин (12-5) бұл рейтингтен тыс қалды.
Ал Жұман Жұмабеков (2-1) пен Дәурен Ермеков (4-2) сәйкесінше аса жеңіл және орта дивизиондарда 11-інші сатыдан көрінді.