Жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың бірлескен іс-қимыл алгоритмі құрылды

Еңбек нарығындағы жағдай
Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Сондай-ақ, еңбек дауы кезінде уақытылы ден қою шараларын қабылдау үшін, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың бірлескен іс-қимыл алгоритмі қолданылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңындағы брифинг барысында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов айтты.

– Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында өңір әкімдерінің төрағалығымен еңбек қатынастары саласында ведомствоаралық штабтар жұмыс істейді; облыстың әлеуметтік жағдайын талдау және бағалау үшін Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдігі жұмыс істейді. Ұжымдық еңбек дауы туындаған жағдайда бірлескен жедел әрекет ету үшін әр өңірде ұлттық қауіпсіздік органдарымен, прокуратурамен, ішкі істер органдарымен және әкімдіктермен өзара ақпарат алмасу ұйымдастырылған, - деді спикер.

Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-мен еншілес кәсіпорындардың персоналымен жұмыс менеджментін жақсарту туралы Жол картасына қол қойылды. 1 жылдан астам мерзімге келісімшарттар жасасуға көшу қамтамасыз етіліп, ықтимал тәуекелдерді ерте анықтаудың скорингтік моделі енгізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпорындардың цифрлық картасы жасалғанын хабарлаған болатынбыз. 

Сондай-ақ, биыл республика бойынша 13 кәсіпорында ереуіл болған. 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Соңғы жаңалықтар
telegram