Жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі - Қарағанды облысында
Қарағанды облысында жұмыссыздық деңгейі 4,1%-ға дейін төмендеді, бұл - республикадағы ең төменгі көрсеткіш. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Әкімдіктің мәліметінше, облыста ұлттық жобаларды, бағдарламаларды және жеке бастамаларды іске асыру қорытындысы бойынша 43 мың жаңа жұмыс орны ашылған және 11 мыңнан астам жастар жұмысқа орналасқан.
«Ауыл аманаты» жобасы есебінен 2,9 млрд теңгеге 396 бизнес-жоба мақұлданды, оның ішінде 2 млрд 481 млн теңгеге 326 кредит берілді, 371 жұмыс орны құрылды. Осы шаралардың барлығы бізге жұмыссыздық деңгейін 4,1%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді, бұл республикадағы ең төменгі көрсеткіш», - деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Оның айтуынша, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12,2% өсті – бұл 100 мыңнан астам жаңа салық төлеушілер.
Белсенді халықтың жартысы, облыстың әрбір екінші тұрғыны шағын және орта бизнеспен шұғылданады.
«242,3 мың адам немесе экономикалық белсенді халықтың 43% шағын және орта бизнеспен қамтылған. ШОБ өнімін шығару 1,2 трлн теңгеге жетті. Біз бизнес-климатты жақсарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз, бұл бізге бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша ел рейтингінде екінші орын алуға мүмкіндік берді. Республикада бірінші болып бөлшек салық мөлшерлемесін екі есе төмендеттік (4-тен 2%-ға дейін). Бұл шараны 900-ден астам кәсіпкер пайдаланды және аталған өзгерістер енген сәттен бастап салық төлеушілер санын 6 есеге арттырды», - деп атап өтті әкім.