Жұмыртқа бағасы бір айда 6 пайыз қымбаттаған
«Биылғы қаңтар-тамыз көрсеткіші бойынша, жергілікті компаниялар жұмыртқаға деген сұранысты 96,3% қамтамасыз еткен. Былтыр бұл көрсеткіш 94,4% болған еді», - деп жазылған мәліметте.
Елде тұтынылған жұмыртқаның 3,7%-ын импорт жапқан. Нақтырақ айтсақ, жыл басынан бері сырттан 130,8 млн дана жұмыртқа әкелінген. Бұл – былтырғы 8 айға қарағанда 30,9% аз.
Ал, экспорт 2,2 есе өсті – 184,5 млн жұмыртқа сыртқа сатылған. Ішкі нарықта да жұмыртқа саудасы 0,7% артып, 3,3 млрд данаға жеткен.
«Қазан айының қорытындысы бойынша бірінші санаттағы жұмыртқа бағасы бір айда 6,3%, ал бір жылда 14,8% өсті. Бір айда бағаның өсуін Ұлытау облысының тұрғындары қатты сезінді: бірден 19,8% көтерілген. Сондай-ақ, Павлодар (+14,7%) және Қызылорда (+13,6%) облыстарында да айтарлықтай қымбаттау байқалды.
Жылдық динамикада жұмыртқа бағасы Қызылорда облысында 52,2%, Қостанай облысында 34,1%, Батыс Қазақстан облысында 32,5% қымбаттады. Бұл ретте Алматыда бағалар, керісінше, 4%, ал Жетісу облысында 0,4% төмендеді», - деп жазады Energyprom.kz.