Жұмыс бабындағы өсуге туған күннің әсері бар

АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Канадалық бір топ ғалымдардың жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде жазда туылған балалардың есейген соң бастық болуға мүмкіндіктері аз екендігі белгілі болған.
None
None

Алынған деректер бойынша, зерттеуге қатысқан басшылардың ішінде маусым және шілде айларында туғандары тым аз болып шыққан.

Ванкувердегі Британ Колумбиясы университетінің жанындағы Саудер бизнес мектебінің мамандары 1992-2009 жылдар аралығында 500 компанияның 375 жетекшісін зерттеген.

Зерттеу көрсеткендей, басшылардың тек 6,13 пайызы маусымда, 5,87 пайызы шілдеде туылған. Ал наурыз немесе сәуір айларында туылған басшылардың үлес салмағы тиісінше 12,53 және 10,67 пайызды көрсеткен.

«Мұның себебі балалар мектепке барған кезде маусым-шілде айларында туылғандар сыныптағы ең кішкентайлары болады. Сондықтан да олар өздерін еркін сезіне алмай, даму жағынан кенжелеп қалады», - дейді профессор Морис Леви.

Ал қыс және көктем айларында туған балалар керісінше өздерін ересек сезініп, әрдайым алда болуға ұмтылады. Бұл дағды олар есейіп, үлкен өмірге араласқан кезінде де көптеген жетістіктерге жетуге көмектеседі, дейді ғалымдар.

Соңғы жаңалықтар