Жұмыс беруші сайлауға барғаны туралы есепті қызметкерден талап ете ала ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыс берушінің қол астындағы қызметкерлерден сайлауға қатысқан-қатыспағаны туралы есепті талап етуі заңсыз. Бұл туралы бүгін елордада президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңінің қорытындысына арналған шарада айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыстық іс жүргізу құқығына маманданған заң ғылымдарының докторы Марат Қоғамов жұмыс беруші өз қызметкерлерінен сайлауға қатысқаны туралы қандай да бір есеп талап ете алмайтынын ескертті.

«Сайлауда дауыс беру, бермеу - әр азаматтың жеке құқығы. Сондықтан, одан сайлауға барғаны туралы фото-есеп пен қандай да бір түсініктеме талап ету заңсыз. Тіпті кімге дауыс бергенін сұрамай-ақ, жай ғана сайлауға қатысқан-қатыспағаны туралы есепті талап ету сайлау туралы заңнаманы бұзу болып саналады», - дейді заңгер.

Марат Қоғамов ондай жағдайға тап болған азаматтар прокуратураға немесе сот орындарына шағымдана алатынын айтады.

«Жұмыс беруші осыған ұқсас негізсіз талаптар қойса, прокуратураға жазбаша шағым түсіруге болады. Ал прокуратура өкілдері бұл шағымға бір сағаттың ішінде әрекет етуге міндетті. Ондай заңбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлға тіпті, қылмыстық жауапқа тартылуы да мүмкін», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар