Жұмыс беруші вакцина алмаған қызметкерді жұмыстан босатуға құқығы бар - Айжан Есмағамбетова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус індетіне қарсы вакцина алу міндетін енгізу жоспарланып отыр. Осы орайда вакцинадан бас тартқан қызметкерлер қалай жұмыс істейді деген сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде әлем бойынша 189 млн жағдай тіркелді. Айта кету керек, соңғы апта ішінде әлем бойынша коронавирус індетіне шалдыққандар саны 2 есеге артып отыр. Дерттің үдейе түсуі дельта-штаммен де байланысты, бүгінде аталған инфекция түрі 100-ден астам елде тіркелді. Қазақстан 26 маусымнан бастап «қызыл аймақта» тұр. Елімізде 13 өңір індет қаупі төніп тұрған аймақтар қатарында. Қазақстанда ковид індетінің таралуы өкінішке қарай өсіп отыр», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысы бүгінде еліміздің барлық аумағында карантиндік шектеулердің қатаңдатылып жатқанын алға тартты.

«Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші вакцина алмаған қызметкерді жұмыстан босатуға құқығы бар. Мақсат – жұмыстан қуу емес, керісінше ұжымдағы басқа да азаматтардың денсаулығын сақтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қызметкер жұмыстан уақытша босатылады, яғни вакцина алған жағдайда ол өз жұмысын қайта жалғастыра алады. Сондай-ақ, вакцина алмаған жағдайда қызметкер аптасына бір ПТР тест тапсыруына да болады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар