14:20, 25 Сәуір 2013 | GMT +5
Жұмыс берушілер еңбек жағдайларын аттестациядан өткізуі тиіс - министр С.Әбденов
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтің айтуынша, ведомство алдағы уақытта еңбек жағдайларын аттестациялау жұмысына негізгі басымдық жасайтын болады.
Бұл туралы ол бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында ашылған Қазақстандағы еңбек және өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша (KIOSH - Kazakhstan International Occupational Safety & Heath Conference) III Халықаралық көрме-конференцияда айтты.
«Еңбек жағдайларын аттестациялау жұмысы зиянды, ауыр және қауіпті жұмыс орындарын анықтауға мүмкіндік береді. Оны барлық жұмыс берушілер жақсы біледі. Осыған қатысты бізде тиісті нормативтік талаптар да бар. Енді, біздің заңнамамызда еңбек жағдайларын аттестациялау жұмысына негізгі басымдық берілмек. Соның негізінде біз өз қызметімізді жүргіземіз», - деп атап көрсетті С.Әбденов.