Жұмыс орнында ұялы телефонды пайдалануға тыйым салып отырған компаниялар артып келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұмыс орнында ұялы телефонды пайдалануға тыйым салып отырған неміс компанияларының қарасы қалыңдап келеді.
Кейбір қызметкерлер жұмыс күні барысында телефонмен сөйлесуге тым көп уақыт бөледі және өздерінің гаджеттерінің фунцияларымен әуестеніп, жұмыстары жайына қалып жатады.
Зерттеушілердің мәліметінше, адамды телефон мен әлеуметтік желілер арқылы тұрақты байланыста ұстау, азаматтардың жүйкесіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар телефондар жұмысқа да кедергі жасайды, яғни қызметі барысында көп сөйлесетіндер қателіктерге жиі жол береді.
Сондықтан да жұмысқа қажет болмаса қызметкерлердің жеке коммуникациялық құрылғыларды пайдалануға неміс компанияларының басшылары тарапынан тыйым салуға шектеу қойылмайды. Алайда, апат кезінде немесе туысқандары ауырған жағдайда ұялы телефонды пайдалануға рұқсат етіледі.