Жұмыс орындарының орнықтылығын қамтамасыз ету Қазақстанның халықаралық деңгейдегі экономикаға қабілеттілігін көрсетеді - К. Мәсімов

Бүгін елордада «Жаңа онжылдық: Болашақтар мен талаптар» атты IV Астанаks0 экономикалық форум барысында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.
«Біз өз әлеуетімізді нығайта отырып, мүмкіндіктеріміздің орнықты, ұзақмерзімді жоспарда қаралуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Қазақстан толығымен индустрияланған елдер қатарына кіруі үшін біз бүгінгі шығарып, өндіріп отырған дүниелеріміздің деңгейінде тоқтап қалмауымыз керек. Бізге жаңа жоғары қосылған құны бар тауарларды көбірек шығару қажет. Әрине, әлемдік нарықтағы бәсеке аса өткір әрі ол барған сайын айқын сезіледі. Дәл сондықтан да, Қазақстанға инновациялық бағытты дамыта түсу өте қажет», - деді К. Мәсімов. Оның айтуынша, жұмыс орындарының орнықтылығын қамтамасыз ету де Қазақстанның халықаралық деңгейдегі экономикаға қабілеттілігін көрсететін болады.
«Сонымен қатар, бізден өндіріс қуатымызды әртараптандыру талап етіледі. Бұл өз кезегінде еңбекпен қамтуды, білім мен денсаулық сақтаудың сапалылығын, лайықты білім беруді артыруға жәрдем болады. Сондықтан да, осы бағытта мемлекет таарпынан салынған инвестициялар көлемі артып отыр. Әрине, даму бағытында жеке капиталдың да тиімді деңгейде жұмыс істеуі маңызды рөл атқаратыны түсінікті. Сол үшін де біз инвестициялық ортаны жақсарту жұмыстарын атқарып, бұл саладағы бюрократтық кедергілерді жоюмен қатар, жекеменшік құқығын нығайтудамыз», - деді К. Мәсімов.