Жұмысқа орналасуға келген жігіт тракторды айдап әкетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минск қаласының МАИ қызметкерлері жеке құрылыс ұйымына жұмысқа орналасуға келіп, трактор ұрламақ болған 26 жастағы жігітті ұстады.

Жұмысқа орналасуға келген жігіт  тракторды айдап әкетті

Спиртті ішімдікті пайдаланған ер адам кәріздік желі жөнделіп жатқан аулаға барып, ондағы жұмыс жағдайымен таныспақ болған. Аулада бос тұрған тракторды көрген ол онымен Тәуелсіздік даңғылына шықпақ болады. Сөйтіп, аулада жүріп бара жатқанда қоқыс контейнерін соғады. Контейнер сол жерде тұрған автомобильге соғылып, оған зақым келтірді, деп хабарлайды citydog.by.

Жігітті МАИ қызметкерлері ұстағанда, оның көлікті басқару құқығы болмағаны анықталды.

Тергеу комитеті заң бұзған жігітке қатысты қылмыстық іс қозғады.