«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 127 нысан мүгедектерге бейімдетілді

«Жалпы елімізде 54 мың нысан құжаттандырудан өтуі тиіс болатын. Биыл оның 22 мыңы құжаттандырудан өтіп, шамамен 127-сі «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында және жергілікті атқарушы органдардың қаржыландыруымен мүгедектерге арналып бейімдетілді», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, 2014 жылы «Жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы барлығы 179 нысанды бейімдеу жоспарлануда. Ал жергілікті бюджет арқылы 905 нысан бейімдетіледі.
«Нысанды бейімдеу дегеніміз тек пандус салу емес. Сонымен қатар, ғимараттың айналасын, кіреберісін бейімдеп, есіктің енін сәйкесінше кеңейту, пандустардың биіктігін өлшемге сәйкестеу және егер ғимарат көпқаббатты болса, арнайы көтеру құрылғыларын салу деген сөз. Яғни бұл кешенді шаралар. Сондықтан бүгінде аталған 127 нысан солықтай бейімдеуден өтті деп айта аламыз. Осы ретте біз ҮЕҰ-мен тығыз байланыс жасаудамыз», - деп атап өтті вице-министр.
Айта кетейік, бүгінде елімізде 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар, бұл жалпы ел халқының 3,5 пайызын құрайды.