«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында 8 мыңнан астам ауыл азаматы шағын несие алды

Оның атап өтуінше, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыру кезеңінде республикалық бюджеттен 95 млрд. теңге қаражат бөлінген. Ал бағдарламаға 200 мыңнан астам адам қатысса, олардың 30 пайызын бүгінгі таңда өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтар, ал 69 пайызын жұмыссыздар құрап отыр.
«Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2 жылдың ішінде 59 мыңнан астам адам оқу орнын аяқтап, 38 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Ал өткен жылдың ішінде 28 адам оқу орнын тәмамдап, олардың 80 пайызы жұмысқа орналасты», - деді ол.
Бағдарламаның екінші бағыты - ауылға шағын несие беру мәселесіне қатысты айтқан ол: «Бұл бағыт өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жеке кәсіпкерлікке тартуды көздеп қана қоймай жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бағдарламаны іске асыру кезеңінде өткен жылы 8 мыңнан астам адам несие алып, 11 мың адам жаңа кәсіпкерлік негіздерін үйренді», - деді.