«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын өндірістік тәжірибеде кеңейту жоспарлануда - ҚР вице-премьері

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын өндірістік тәжірибеде кеңейту  жоспарланып отыр.
None
None

 Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев Қызылорда облысындағы жұмыс сапары барысында мәлім етті.

«Аталмыш бағдарламаға қатысушылармен арада өте сындарлы диалог болды және ортаға салынған ұсыныстардың басым бөлігі  таяу уақыт аралығында ескерілетін болады»,-деп уәде берді Е. Орынбаев Н. Ілиясов атындағы  ауылдық округте болған кәсіпкерлер және   қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесуі жайлы айта келе.

«Сондай ұсыныстардың бірі - өндірістік тәжірибе, яғни біз жастар тәжірибесіне әлеуметтік жұмыс орнына өндірістік тәжірибе тетігін де қосымша қарастыратын боламыз. Яғни, адам оқи жүріп белгілі бір нақты өндірісте тәжірибеден өтеді және болашақта сол жерде жұмысқа орналаса алатын болады», - деді ҚР вице-премьері.

Соңғы жаңалықтар