«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына 187,5 мың адам тартылды

АСТАНА 7 ақпан. ҚазАқпарат - Халықтың белсенділігін арттыруға «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы ұйытқы болып отыр.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына 187,5 мың адам тартылды

Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Серік Әбденов мәлім етті.

Министрдің сөзіне қарағанда, бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері оған 187,5 мың адам тартылған. Республикалық бюджеттен 95 млрд. теңге бөлінді. Қатысушылардың жалпы санының 27 пайызын - өзін-өзі жұмыспен қамтитындар, 66 пайызын - жұмыссыздар, сондай-ақ 6 пайызын әлеуметтік тұрғыда аз қамтылғандар құрады. Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 59,5 мың адам оқытылып, 38,5 азамат жұмыспен қамтылды.

Бұдан бөлек бағдарламаның екінші бағыты бойынша 8 мыңнан астам адам несиеге қол жеткізіп, 11 мың адам кәсіпкерлік негізінен тәлім алды.