«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына бірқатар жаңалықтар енгізілді

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына жаңа бағыт - ауылдағы инфрақұрылымды дамыту бағыты енгізіледі,
None
None

деп хабарлады Еңбек министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Дәулет Арғандықов Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

 2011 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы ілкі режімде іске асырылды. «Егер, бағдарламаның нәтижесі туралы айтатын болсақ, онымен 100 мыңдай адам қамтылып отыр. Ең танымал бағыт - кәсіптік оқыту болып табылады. Атап айтқанда, кәсіптік оқумен 70 мыңдай адам қамтылды»,- деп хабарлады Д.Арғандықов.

 Оған қоса, 1435 қазақстандық шағын несие алды, 5 мыңдай адам кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренді. 2011 жылдың қорытындысы бойынша Бағдарлама аясында 38 мыңнан астам жұмысқа тұрғызылды, оның ішінде 16 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды.

 Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында, 2011 жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,4 пайызды құрады. Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты болып қалып отыр.

 «Біз Бағдарламаны іске асырудың белсенді кезеңіне кірістік. Біз жаңа тетіктергі енгізудеміз, халықты кеңінен қамтуды жоспарлап отырмыз, жастар тәжірибесі бойынша жаңа шара қолға алатын боламыз»,- деп хабарлады Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Д.Арғандықов.

 Сонымен қатар, «бағдарламаның негізі ауылдық жерлерге бағытталғандықтан, жаңа бағыт - ауылдағы инфрақұрылымдарды дамыту бағытын енгізу жоспарланып отыр. Бұл жөндеу жұмыстарын, әлеуметтік нысандарды абаттандыру және т.б. шараларды қамтиды»,- деп атап көрсетті Дәулет Арғандықов.

 Және ағымдағы жылы бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі, қажетті құжаттардың тізбесі 2 есеге қысқартылады.

 «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыруға 2012 жылы 62,3 млрд. теңге бөлініп отыр, оның 12 млрд. теңгесі шағын несиелерге қарастырылған (2011 жылы бұл бағытқа 3,5 млрд. теңге бөлінген болатын).

Соңғы жаңалықтар