Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына қатысу мәселесі бойынша еңбекпен қамту орталықтарына 78 мың адам хабарласты

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова айтты.
«Қарастырылған өтінімдердің негізінде 51,6 мың адам бағдарламаға қатысушылар тізіміне енгізілді. Оның ішінде 50,8 мыңы әлеуметтік келімсімшартқа қол қойды»,-деді министр.
Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, келісімшартқа қол қойғандардың 58 пайызы 29 жасқа дейінгі жастар ( 29,7 мың адам).
Өңірлік көрсеткіштерге тоқталсақ, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік келісімшартқа ШҚО, ОҚО және Атырау мен Павлодар облыстары көбірек қатысты. Бағдарлама бойынша оқыту шараларымен 66,5 мың адам қамтылды. Бұл жоспардағы көрсеткіштің 90,9 пайызын құрап отыр. Олардың ішінен кәсіби дайындықпен 43,9 мың адам қамтылды, ал қайта дайындыққа 19,1 мың адам бағытталды. Сондай-ақ 3,5 мыңы біліктілікті арттыру бойынша дайындықтан өтеді.
Кәсіби білім беру шараларына ел бойынша 430 техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары жұмылдырылды.