«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының Астана қаласында жүзеге асырылуында біраз былықтың беті ашылды

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Астана қаласының прокуратурасы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру кезінде көптеген заң бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады.
None
None

Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.

Тексеру нәтижесі бойынша прокуратура ішкі істер органдары және қаржы полициясымен бірге алаяқтық және жалған құжаттарды пайдалану фактілері бойынша үш қылмыстық іс қозғады. Соған орай, прокуратураның материалдары бойынша тергеуге дейінгі қосымша тексерулер жүргізілуде. Бұдан бөлек, осыған дейін хабарланғандай, елорданың жекелеген жұмыс берушілері Жұмыспен қамту басқармасына жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы жалған мәлімет беріп, ол үшін мемлекет бюджетінен өтемақы алып отырған. Сонымен қатар тексеру барысында Жұмыспен қамту орталығы арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына тұру үшін жүзден астам жалған медициналық анықтама тапсырылғаны және оларға негізсіз бюджеттен 8 млн астам теңге төлеңгені, 2 млн теңгенің бюджетке түспегені анықталды. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша жан-жақты тергеу жүргізілуде. Сонымен бірге тексеру барысында жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері адамдарды қайта даярлау курстарына жолдағанда басым мамандықтарды ескермегені анықталған. Бұл да бағдарламаны іске асырудың тиімділігіне кері әсер етуде.

«Қала прокуратурасының қадағалау актілері бойынша кәсіптік білім беру іске асырылып жатқан бірқатар білім беру ұйымдарының лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ елорда прокуратурасы органдары жүргізген тексеру кезінде әкімдіктің заңсыз қаулысы анықталған. Аталған қаулыға сәйкес екі жыл бойы кәсіптік білім беру жүргізіліп, бағдарламада көзделген міндеттердің жүзеге асырылуына ықпал етпеген. Көрсетілген нормативтік-құқықтық акт Қазақстан Республикасы Үкіметінің салалық қаулыларының талаптарына, атап айтқанда білім алушылар және базалық білім санаттары бойынша қайшы келеді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар