«Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жетілмей жатқан жақтары бар - Мәжіліс депутаты

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жетілмей жатқан жақтары бар. Бұл туралы бүгін аталмыш бағдарламаның жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі сараптама тобының кезекті отырысында
None
None

Гүлмира Исімбаева мәлім етті. 

Оның сөзіне қарағанда, «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасына мониторинг жүргізу жөніндегі топ өкілдері бүгінгі отырыста бағдарламаны жүзеге асыруда қандай кемшіліктер бар екенін анықтап, олар бойынша нендей шаралар атқарулары қажеттігін шешулері керек. «Біз бүгін жіберген қателіктерімізді ертең жібермеуіміз керек. Мұны айтып отырған себебім, аталмыш бағдарлама бойынша  арнайы оқытып, білім берген азаматтар мамандықтарына сәйкес жұмыспен қамтамасыз етілулері керек. Яғни біз сөз етіп отырған бағдарлама бойынша, білім алып жатқан жастың қандай мамандық бойынша қандай жұмыс істейтінін алдын ала білуіміз керек», - дейді депутат. 

Оның сөзінше, «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасы өзінің міндетіне сай жұмыс істеп отырған жоқ. Өйткені мұнда осы бағдарлама аясында берілетін шағын несиенің пайыздық көрсеткішінің жоғары болуы сияқты проблемалар бар. «Ал жұмыспен қамту шаралары қалайша жүзеге асуы керек. Яғни біз жергілікті жерде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда жұмыс күші жетпеген жағдайда ғана ол жерге қажетті мамандарды алып келіп, жұмысқа орналастыруымыз керек. Және осы жұмысшылар үшін бағдарлама аясында тұрғын үй  салу керек. Ал қазіргі жағдайда бәрі керісінше жүріп жатыр. Біз алдымен үй салып алып, содан соң ол жерге жұмыс күшін апарамыз. Ал ол жерде жұмыс күшіне деген қажеттілік бар ма, жоқ па, ол жағы ескеріліп жатқан жоқ»,- дейді Г.Исімбаева.

Соңғы жаңалықтар