«Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» бойынша 4,7 мыңнан астам ауыл жұрты жұмысқа орналасты

Қазақстанда «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» төртінші «Ауылдық елді мекендерді дамыту»  бағыты бойынша 4,7 мыңнан астам ауыл жұрты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі www.pm.kz сайтына.

«Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» бойынша 4,7 мыңнан астам ауыл жұрты жұмысқа орналасты

«Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» төртінші бағыты «Ауылдық елді мекендерді дамыту»  бойынша 4 771 адам жұмысқа орналасты», делінген ведомство хабарламасында.

 Аталған бағыт бойынша 2012 жылы барлығы 8 мыңдай жұмыс орнын ашып, онда 4 мыңдай бағдарлама қатысушыларын жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Ауылдық елді мекендерді дамыту бағыты шеңберінде 565 жобаны іске асыру жоспарланған, олардың 55% - әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандарын жөндеу, 24%- инженерлік-көлік инфрақұрылымын жөндеу, 13% ауылдарды абаттандыруға жатады.

«Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» төртінші бағыты ауылдық жерлерде әлеуметтік, инженерлік-коммуникациялық, көлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды жөндеу және қайта жөндеу, ауылдарды абаттандыру, отбасылық дәрігерлік амбулаторияларды және медициналық пункттерді салу арқылы жұмыс орындарын құруға бағытталған.