12:20, 27 Мамыр 2013 | GMT +5
Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 1211 үй мен 4516 пәтер салынады
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында елімізде 1211 үй мен 4516 пәтер салынатындығы жоспарланған.

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов осылай мәлім етті.
Министрдің айтуынша, бүгінгі күні 789 үй мен 2 864 пәтердің құрылысы аяқталған. Бұл жоспарланған баспана құрылыстарының 65,2 пайызына тең. «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бағыты бойынша көшуге субсидияны еңбекке қабілетті 4,6 мың адам алды. Олардың 71 пайызы немесе 3,2 мыңы өздері көшіп барған аумақта жұмысқа орналасты. Дегенмен, құрылысы біткен 32 үй немесе 125 пәтер әлі де пайдаланылмай тұр», - дейді Еңбек министрі.