Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында соңғы екі жылда бөлінген микрокредит бес есеге артты - С. Әбденов

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында соңғы екі жылда бөлінген микрокредит қаражатының мөлшері бес есеге артты.
None
None

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов мәлім етті.

Министрдің айтуынша, жұртшылықты микрокредитпен қамтамасыз ету ауылдық жерлерде жұмыссыздар санын азайтуға, өзін өзі жұмыспен қамтушылардың өнімділігін арттыруға септігін тигізетін болады. Бұл ретте кредиттің басым бөлігі мал және өсімдік шаруашылығына тиесілі болып отыр. Мәселен, бұл барлық бөлінген несиенің 77 пайызын құрайды. Ал жобалардың 23 пайызы қызмет көрсету, өңдеу саласына тиесілі болып табылады.

«Соңғы екі жылда бөлінген микрокредит қаражаттары бес есеге артты. Егер 2011 жылы 3,6 млрд. теңге бөлінсе, 2013 жылы 16,9 млрд. теңгені құрады. Бағдарлама қолға алынғалы бері кәсіпкерлік негіздеріне 11 мыңнан астам адам оқытылды», деді министр С. Әбденов.

Соңғы жаңалықтар