Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша қайта даярлаудың арқасында оның қатысушысы тұрақты жұмыс тапты

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Олжас Қонақбаевтың орта білім алғаны туралы куәлігі, жүргізуші куәлігі бар. Бұған дейін әр түрлі жұмыс атқарып келген. Ұзақ уақыт бойы жұмыссыз болды.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша қайта даярлаудың арқасында оның қатысушысы тұрақты жұмыс тапты

2011 жылдың тамызында Қостанай облысындағы «Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ-іне барып, «ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі» мамандығы бойынша үш айлық қайта даярлау курстарына жіберілді.

Оқыту барысында үш ай бойы 12 мың теңге көлемінде шәкіртақы алып отырған. «Меңдікенов» шаруа қожалығында өткен тәжірибе барысында өзін жақсы көрсетіп, курстар аяқталған соң онда тұрақты жұмысқа алынды.