11:52, 08 Мамыр 2012 | GMT +5
Жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушысы қайта даярлық курстарынан өтіп, жұмысқа орналастырылды
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Светлана Марченко салық қызметінің инспекторы мамандығы бойынша Астана қаласының заң-экономикалық колледжін бітірді. «Марченко» ЖК-те аспаздың көмекшісі болып жұмыс істеді.

Ол жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 3 ай бойы Аршалы кентінде орналасқан №14 кәсіби лицейде аспаз мамандығы бойынша қайта даярлық курстарынан өтті. Шәкіртақы мен жолақыға субсидия алды. Курстардан кейін аспаз ретінде «Марченко» ЖК-ға жұмысқа орналастырылды, 45 мың теңге мөлшерінде жалақы алып тұрады.