Жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушысына өз білімін жетілдіріп, жаңа жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасалды

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Бибігүл Ботабекова Астанаға көшкенге дейін Омбы қаласында тұрған. Жоғары білімі бар, Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушысына өз білімін жетілдіріп, жаңа жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасалды

«Орталық жол ауруханасы» АҚ-да экономист болып жұмыс істеген. 2011 жылдың маусымында жұмыстан шығып кетті.

 Бағдарламаның қатысушы болған ол С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде есепші мамандығы бойынша үш айлық курстан өтті. Оларды аяқтаған соң «Қазавтожол» РМК-ға жоспарлы-экономикалық бөлімнің жетекші маманы ретінде жұмысқа алынды.

 Әлия алдағы өзін-өзі жетілдіру үшін жаңа білім алуға мүмкіндік берген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы туралы үлкен ризашылықпен айтады.