Жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуі негізінен жалдамалы қызметкерлерге әсер етіп отыр - Б. Сапарбаев

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздардың саны биыл 9 пайызға көбейді.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің айтуынша, биылғы жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша елімізде жұмыспен қамтылған халықтың саны 7 миллион 800 мың адам. Оның ішінде 5,2 миллионы жалдамалы қызметкерлер, сондай-ақ 2,6 миллионын өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдар құрайды. Жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуі негізінен жалдамалы қызметкерлерге әсер етіп отырғанын жеткізген Б. Сапарбаев, «Статистика агенттігінің деректері бойынша, жыл басында өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздардың қатары 18 мың адамға немесе 3,5 пайызға өсті», деді. Министрдің сөзіне қарағанда, жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздардың саны қаңтар айының 20 күнінде 9 пайызға көбейді. Сонымен қатар ведомство басшысы жалақы бойынша берешектің көбеюі секілді проблемалар да байқалып отырғанын айтты.
Соңғы жаңалықтар