Жұмыспен қамту стратегиясы аясында 254 мың жұмыс орны құрылатын болады - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г. Әбдіқалықова

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жұмыспен қамту стратегиясы аясында 254 мың жұмыс орны құрылатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің және әкімдердің қатысуымен Елбасының Жолдауын орындау жөніндегі іс-қимыл жоспарының іске асырылуы барысы бойынша өтіп жатқан кеңесте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
None
None
Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің айтуынша, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандарындағы жөндеу жұмыстары бағыты бойынша 795 жобаны іске асыруға 58,4 миллиард теңге бағытталды. Мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеу және жылыту шаралары бойынша 2 мың 295 жобаны жүзеге асыруға 49 миллиард теңге игеріледі. Осы бағытта 99 мың жұмыс орны жасақталмақ. Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстары тұрғысында 942 жобаны іске қосуға 49,9 миллиард теңге жұмсалып, 55 мың жұмыс орны құрылады. «Қала мен ауылдың әлеуметтік-мәдени нысандарын жөндеу жұмыстары бойынша қаржыландыру көлемі 6 миллиард теңгені құрайтын 788 жобаны іске асыру кезінде 20 мың жұмыс орны құрылатын болады», - деді Г. Әбдіқалықова.
Соңғы жаңалықтар