«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша азаматтардың басымдықты санаттарына жастар мен зейнет жасы алдындағы азаматтар енген - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Бұл құжаттың мақсаты мен міндеттері туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов баяндады. Бағдарламаны таныстырған, министр оны орындаудың бағыттары, шарттары, тәсілдері мен тетіктері туралы айтып берді.
С.Әбденовтің айтуынша, жұмыс орындары мемлекеттік және салалық бағдарламаларды дамыту аясында құрылатын болады. Бағдарламада жеке кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, тірек ауылдар мен шағын қалаларды кешенді дамыту, ауыл тұрғындары үшін несиелендірудің қолжетімділігін қамтамасыз ету шаралары қарастырылған.
Министрдің хабарлағанындай, еңбек ресурстарын тиімді жұмылдыру мақсатында, бағдарламаға қатысушыларды экономикалық өсім ошақтары бар жерлерге орналастыру, жұмысшы жастар үшін жатақханалар салу жоспарланған.
Бағдарламада халықты жұмыспен қамту бойынша азаматтардың басымдықты санаттары анықталды, оның құрамына жастар мен зейнет жасы алдындағы азаматтар енген.
Премьер-Министр құжатты жетілдіріп, үстіміздегі жылдың мамыр айында Үкіметке енгізуді тапсырды.